02 Сәуір, 2015

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы  №92

276 рет
көрсетілді
30 мин
оқу үшін
2014 жылғы 31 қазан, Астана қаласы Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсынудың қағидаларын бекіту туралы «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңы 6-бабының 13) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсынудың қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр В.ШКОЛЬНИК. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы _______________Ә. Смайылов «____» __________2014 жыл Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы №92 бұйрығымен бекітілген Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсынудың қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсынудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 6-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленген және тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібін анықтайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) уәкілетті орган – газ өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінен тыс тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 2) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган – тауарлық және сұйытылған газ экспорты мен импортын мемлекеттік реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган. 3. Уәкілетті орган: 1) Қазақстан Республикасында тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру көлемінің; 2) тауарлық газды тасымалдау және сақтау көлемінің; 3) Қазақстан Республикасында тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өткізу, оның ішінде олардың экспорты мен импорты көлемінің; 4) Қазақстан Республикасында өткізілетін тауарлық, сұйытылған мұнай газының және сұйытылған табиғи газдың көтерме сауда бағаларының; 5) Қазақстан Республикасында өткізілетін тауарлық және сұйытылған мұнай газының бөлшек сауда бағаларының; 6) Қазақстан Республикасының тауарлық және сұйытылған мұнай газына деген ішкі қажеттіліктерінің мониторингін қамтитын тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингін жүзеге асырады. 2. Мәлімет беру 4. Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәлімет облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары, ұлттық оператор, өндірушілер, тауарлық және (немесе) сұйытылған газды бөлшек және (немесе) көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар, газ тасымалдау және газ тарату ұйымдары ұсынатын мәліметтердің негізінде уәкілетті орган қалыптастырады. 5. Ұлттық оператор уәкілетті органға: 1) осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау және оны тауарлық газ қоймаларында сақтау жөніндегі мәліметтерді ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей; 2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде шикі және тауарлық газды сатып алу жөніндегі мәліметтерді жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші ақпанынан кешіктірмей; 3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының тауарлық газға деген ішкі қажеттіліктерінің алдағы күнтізбелік жылға арналған болжамын жыл сайын, жоспарланған кезең басталғанға дейін үш айдан кешіктірмей ұсынады. 6. Тауарлық газды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар уәкілетті органға тауарлық, оның ішінде тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген газды өткізу туралы мәліметтерді ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей ұсынады. 7. Өндірушілер уәкілетті органға: 2) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес сұйытылған мұнай газын тиеу жөніндегі мәліметтерді ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей; 3) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндірудің алдағы бес жылға арналған болжамды көлемін жыл сайын, жоспарланған кезең басталғанға дейін үш айдан кешіктірмей ұсынады. 8. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органға: 1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей; 2) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында сұйытылған мұнай газын тұтынудың алдағы күнтізбелік жылға арналған болжамын жыл сайын, жоспарланған кезең басталғанға дейін үш айдан кешіктірмей ұсынады. 9. Сұйытылған табиғи газды көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар уәкілетті органға сұйытылған табиғи, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген газды өткізу және оның бағасы туралы мәліметтерді ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінен кешіктірмей ұсынады. 10. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасындағы тауарлық, сұйытылған мұнай газының және сұйытылған табиғи газдың импорты мен экспорты туралы мәліметтерді уәкілетті органға ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей ұсынады. 11. Тауарлық және сұйытылған газды өндіру, өткізу және тұтыну мониторингі деректерінің негізінде уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары, ұлттық оператор, өндірушілер, тауарлық және (немесе) сұйытылған газды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар, газ тасымалдау және газ тарату ұйымдары оған ұсынатын мәліметтердің негізінде Қазақстан Республикасының аумағында тауарлық және сұйытылған газды өндірудің, өткізу мен тұтынудың алдағы күнтізбелік жылға арналған болжамды балансын жасайды. Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларына 1-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Магистралдік газ құбырлары бойынша тауарлық газды тасымалдау көлемдері жөніндегі мәліметтер Р/с № 2.1 Тауарлық газды ішкі жеткізу (облыс және тұтынушының атауы) Магистральдық газ құбыры Тасымалдау көлемдері, мың м3 қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүйек қазан қараша желтоқсан жыл басынан бері 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 1 2 3 … ЖИЫНЫ Ішкі тасымалдау Р/с № 2.2 Тауарлық газдың халықаралық транзиті (ел) Магистральдық газ құбыры Тасымалдау көлемдері, мың м3 қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүйек қазан қараша желтоқсан жыл басынан бері 1 2 3 … ЖИЫНЫ Халықаралық тасымалдау Р/с № 2.3 Қазақстандық тауарлық газ экспорты (кен орнының, тауарлық газ өндіруші мен жеткізушінің атауы) Магистральдық газ құбыры Тасымалдау көлемдері, мың м3 қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүйек қазан қараша желтоқсан жыл басынан бері 1 2 3 … ЖИЫНЫ Қазақстандық газ экспорты Р/с № 2.4 Тауарлық газ импорты (ел) Магистральдық газ құбыры Тасымалдау көлемдері, мың м3 қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүйек қазан қараша желтоқсан жыл басынан бері 1 2 3 … ЖИЫНЫ Тауарлық газ импорты Атауы: Мекенжайы: Тел.: Электрондық мекенжайы: Орындаушының тегі және телефоны: Тел.: Басшы: Т.А.Ә. қолы Бас бухгалтер: Т.А.Ә қолы М.О. Ескертпе: Магистральдық газ құбырлары арқылы тауарлық газды тасымалдау көлемдері жөніндегі мәліметтерді толтыру түсініктеме. 1. Нысанды ұлттық оператор толтырады және ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей уәкілетті органға ұсынады. 2. Нысан былайша толтырылады: «Р/с №» деген 1-бағанда тізім бойынша реттік нөмірі көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реттік нөмірлеуді үзбеуі қажет; «Тауарлық газды ішкі жеткізу (облыс және тұтынушының атауы)» деген 2.1-бағанда магистральдық газ құбырынан бастап газ тұтынатын жүйелерге дейін тауарлық газ тасымалданатын газ таратушы ұйымдарды көрсете отырып, тауарлық газ тасымалданатын облыс атауы көрсетіледі; «Тауарлық газдың халықаралық транзиті (ел)» деген 2.2-бағанда тауарлық газ тасымалданатын учаскелердің атауларын көрсете отырып, газ келетін елдің атауы көрсетіледі; «Қазақстандық тауарлық газ экспорты (кен орнының, тауарлық газ өндіруші мен жеткізушінің атауы)» деген 2.3-бағанда тауарлық газ тасымалданатын учаскелердің атауын көрсете отырып, газ өндіруші компанияның атауы немесе тауарлық газдың экспортқа тасымалдануы жүргізілген кен орнының атауы көрсетіледі; «Тауарлық газ импорты (ел)» деген 2.4-бағанда тауарлық газ тасымалданатын учаскелердің атауын көрсете отырып, газ келетін елдің атауы көрсетіледі; «Магистральдық газ құбыры» деген 3-бағанда тауарлық газдың тасымалдануы жүргізілген магистральдық газ құбырының атауы көрсетіледі; «Қаңтар» деген 4-бағанда, «Ақпан» деген 5-бағанда, «Наурыз» деген 6-бағанда, «Сәуір» деген 7-бағанда, «Мамыр» деген 8-бағанда, «Маусым» деген 9-бағанда, «Шілде» деген 10-бағанда, «Тамыз» деген 11-бағанда, «Қыркүйек» деген 12-бағанда, «Қазан» деген 13-бағанда, «Қараша» деген 14-бағанда, «Желтоқсан» деген 15-бағанда 2.1, 2.2, 2.3, 2.4-бағандарға сәйкес айлар бойынша көрсеткіштердің мәні көрсетіледі; «Жыл басынан бері» деген 16-бағанда 2.1, 2.2, 2.3, 2.4-бағандар бойынша қаңтардан бастап есепті айға дейінгі кезеңдегі мәндердің жиынтығы көрсетіледі. Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларына 2-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Тауарлық газ қоймаларында тауарлық газды сақтау жөніндегі мәліметтер № Қойманың аты Қаңтар Ақпан Наурыз Сәуір Мамыр Шілде Маусым Тамыз Қыркүйек Қазан Қараша Желтоқсан Жыл басынан бері 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 1 2.1 Айдың басындағы газ қоры, оның ішінде (иелерін көрсетумен): 2 2.2 Бір айда айдалғаны, оның ішінде (иелерін көрсетумен): 3 2.3 Бір айда алынғаны, оның ішінде (иелерін көрсетумен): 4 2.4 Айдың соңындағы газдың запасы, оның ішінде (иелерін көрсетумен): Атауы: Мекенжайы: Тел.: Электрондық мекенжайы: Орындаушының тегі және телефоны: Тел.: Басшы: Т.А.Ә. қолы Бас бухгалтер: Т.А.Ә қолы М.О. Ескертпе: Тауарлық газ қоймаларында тауарлық газды сақтау жөніндегі мәліметтерді толтыру түсініктеме. 1. Нысанды ұлттық оператор толтырады және ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей уәкілетті органға ұсынады. 2. Нысан былайша толтырылады: «№» деген 1-бағанда тізім бойынша реттік нөмірі көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реттік нөмірлеуді үзбеуі қажет; «Айдың басындағы газдың запасы, оның ішінде (иелерін көрсетумен):» деген 2.1-бағанда тауарлық газ иелерінің атауы, кезең басындағы сақталатын көлемі көрсетіледі; «Бір айда айдалғаны, оның ішінде (иелерін көрсетумен):» деген 2.2-бағанда компанияның атауы, қоймаға айдалған газ көлемі көрсетіледі; «Бір айда алынғаны, оның ішінде (иелерін көрсетумен):» деген 2.3-бағанда компанияның атауы, қоймадан алынған газ көлемі көрсетіледі; «Айдың соңындағы газдың запасы, оның ішінде (иелерін көрсетумен):» деген 2.4-бағанда тауар газы иелерінің атауы, кезең соңында сақталатын көлемі көрсетіледі; «қаңтар» деген 3-бағанда, «ақпан» деген 4-бағанда, «наурыз» деген 5-бағанда, «сәуір» деген 6-бағанда, «мамыр» деген 7-бағанда, «маусым» деген 8-бағанда, «шілде» деген 9-бағанда, «тамыз» деген 10-бағанда, «қыркүйек» деген 11-бағанда, «қазан» деген 12-бағанда, «қараша» деген 13-бағанда, «желтоқсан» деген 14-бағанда 2.1, 2.2, 2.3-бағандарға сәйкес айлар бойынша көрсеткіштердің мәні көрсетіледі; жыл басынан бері» деген 15-бағанда 2.2, 2.3, 2.4-бағандар бойынша қаңтардан бастап есепті айға дейінгі кезеңдегі мәндердің жиынтығы көрсетіледі. Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларына 3-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде шикі және тауарлық газды сатып алу жөніндегі мәліметтер Атауы (облыс және жер қойнауын пайдаланушы компания) Кен орны Шикі және тауарлық газдың бағасы, теңге/мың м3 Газды сатып алу көлемі, мың м3 шикі газ тауарлық газ шикі газ тауарлық газ шикі газ тауарлық газ 1 2 3.1 3.2 4.1 4.2 1 2 1-облыс 1-жер қойнауын пайдаланушы 2-жер қойнауын пайдаланушы … 2-облыс 1-жер қойнауын пайдаланушы 2-жер қойнауын пайдаланушы … Атауы: Мекенжайы: Тел.: Электрондық мекенжайы: Орындаушының тегі және телефоны: Тел.: Басшы: Т.А.Ә. қолы Бас бухгалтер: Т.А.Ә қолы М.О. Ескертпе: Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде шикі және тауарлық газды сатып алу жөніндегі мәліметтерді толтыру түсініктеме. 1. Нысанды ұлттық оператор толтырады және жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші ақпанынан кешіктірмей уәкілетті органға жібереді. 2. Нысан былайша толтырылады: «Атауы (облыс және жер қойнауын пайдаланушы компания)» деген 1-бағанда алдымен облыс атауы көрсетіледі, содан соң осы облыс аясындағы мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор шикі және/немесе тауарлық газды сатып алатын жер қойнауын пайдаланушылардың атауы көрсетіледі; «Кен орны» деген 2-бағанда 1-бағанға сәйкес қандай да бір жер қойнауын пайдаланушылардың кен орнының атауы көрсетіледі; «Шикі және тауарлық газдың бағасы, теңге/мың м3» («шикі газ») деген 3.1-бағанда 2-бағанға сәйкес кен орындары бойынша шикі газдың бағасы көрсетіледі; «Шикі және тауарлық газдың бағасы, теңге/мың м3» («тауарлық газ») деген 3.2-бағанда 2-бағанға сәйкес кен орындары бойынша тауарлық газдың бағасы көрсетіледі; «Газды сатып алу көлемі, мың м3» («шикі газ») деген 4.1-бағанда 2-бағанға сәйкес кен орындары бойынша шикі газдың көлемі көрсетіледі; «Газды сатып алу көлемі, мың м3» («тауарлық газ») деген 4.2-бағанда 2-бағанға сәйкес кен орындары бойынша тауарлық газдың көлемі көрсетіледі. Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларына 4-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қазақстан Республикасының тауарлық газға ішкі қажеттіліктерінің 20__ жылға арналған болжамы жөніндегі мәліметтер Р/с № Облыстар, республикалық маңызы бар қала, аcтана Тауарлық газға қажеттіліктердің көлемдері, мың м3 Қаңтар Ақпан Наурыз Сәуір Мамыр Шілде Маусым Тамыз Қыркүйек Қазан Қараша Желтоқсан Жылға 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 ҚР бойынша барлығы Атауы: Мекенжайы: Тел.: Электрондық мекенжайы: Орындаушының тегі және телефоны: Тел.: Басшы: Т.А.Ә. қолы Бас бухгалтер: Т.А.Ә қолы М.О. Ескертпе: Қазақстан Республикасының тауарлық газға ішкі қажеттіліктерінің 20__ жылға арналған болжамы жөніндегі мәліметтерді толтыру түсініктеме. 1. Нысанды ұлттық оператор толтырады және жыл сайын, жоспарланған кезең басталғанға дейін үш айдан кешіктірмей уәкілетті органға ұсынады. 2. Нысан былайша толтырылады: «Р/с №» деген 1-бағанда тізім бойынша реттік нөмірі көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реттік нөмірлеуді үзбеуі қажет; «Облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана» деген 2-бағанда тауарлық газ жеткізілетін облыс, республикалық маңызы бар қала, астананың атауы көрсетіледі; «қаңтар» деген 3-бағанда, «ақпан» деген 4-бағанда, «наурыз» деген 5-бағанда, «сәуір» деген 6-бағанда, «мамыр» деген 7-бағанда, «маусым» деген 8-бағанда, «шілде» деген 9-бағанда, «тамыз» деген 10-бағанда, «қыркүйек» деген 11-бағанда, «қазан» деген 12-бағанда, «қараша» деген 13-бағанда, «желтоқсан» деген 14-бағанда 2-бағанға сәйкес айға тиісті көрсеткіштердің мәні көрсетіледі, мың текше м; «жылға» деген 15-бағанда 2-бағанға сәйкес қаңтардан бастап есепті айға дейінгі кезеңдегі тауарлық газға қажеттіліктердің жалпы көлемдерінің мәндері көрсетіледі. Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларына 5-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру жөніндегі 20__ жылғы ____ бойынша мәліметтер Өлшем бірлігі Қаңтар Ақпан Наурыз Сәуір Мамыр Шілде Маусым Тамыз Қыркүйек Қазан Қараша Желтоқсан Жыл басы- нан бері 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 1.1 Шикізатты өңдеу Өндіру: 1.2 сұйытылған мұнай газы оның ішінде 1-марка 2-марка … 1.3 сұйытылған табиғи газы оның ішінде 1-марка 2-марка … 1.4 тауарлық газ Атауы: Мекенжайы: Тел.: Электрондық мекенжайы: Орындаушының тегі және телефоны: Тел.: Басшы: Т.А.Ә. қолы Бас бухгалтер: Т.А.Ә қолы М.О. Ескертпе: Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру жөніндегі 20__ жылғы ____ бойынша мәліметтерді толтыру түсініктеме. 1. Нысанды өндіруші толтырады және ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінен кешіктірмей уәкілетті органға ұсынады. 2. Нысан былайша толтырылады: «Шикізатты өңдеу» деген 1.1-бағанда тауарлық және сұйытылған газды өндіру үшін есептік кезеңде өңделген шикізат көлемі көрсетіледі; «Сұйытылған мұнай газы» деген 1.2-бағанда маркасын көрсете отырып, өндірілген сұйытылған мұнай газының есепті айдағы көлемі көрсетіледі; «Сұйытылған табиғи газы» деген 1.3-бағанда маркасын көрсете отырып, өндірілген сұйытылған табиғи газының есепті айдағы көлемі көрсетіледі; «Тауарлық газ» деген 1.4-бағанда өндірілген тауарлық газдың есепті айдағы көлемі көрсетіледі; «Өлшем бірлігі» деген 2-бағанда 1.1, 1.2, 1.3, 1.4-бағандарда көрсетілген газ көлемдерінің өлшем бірліктері көрсетіледі; «қаңтар» деген 3-бағанда, «ақпан» деген 4-бағанда, «наурыз» деген 5-бағанда, «сәуір» деген 6-бағанда, «мамыр» деген 7-бағанда, «маусым» деген 8-бағанда, «шілде» деген 9-бағанда, «тамыз» деген 10-бағанда, «қыркүйек» деген 11-бағанда, «қазан» деген 12-бағанда, «қараша» деген 13-бағанда, «желтоқсан» деген 14-бағанда 1.1, 1.2, 1.3, 1.4-бағандардың атауына сәйкес айлар көрсеткіштерінің мәні көрсетіледі; «жыл басынан бері» деген 15-бағанда 1.2, 1.3, 1.4-бағандар бойынша қаңтардан бастап есепті айға дейінгі кезеңдегі мәндердің жиынтығы көрсетіледі. Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларына 6-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндірудің 20__ – 20__ жылдардағы 5 жылға арналған болжамды көлемі жөніндегі мәліметтер Өлшем бірлігі Қаңтар Ақпан Наурыз Сәуір Мамыр Маусым Шілде Тамыз Қыркүйек Қазан Қараша Желтоқсан Жыл басы- нан бері 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 Шикізатты өңдеу Өндіру: 1.1 сұйытылған мұнай газы оның ішінде 1-марка 2-марка … 1.2 сұйытылған табиғи газы оның ішінде 1-марка 2-марка … 1.3 тауарлық газ Атауы: Мекенжайы: Тел.: Электрондық мекенжайы: Орындаушының тегі және телефоны: Тел.: Басшы: Т.А.Ә. қолы Бас бухгалтер: Т.А.Ә қолы М.О. Ескертпе: Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндірудің 20__ – 20__ жылдардағы 5 жылға арналған болжамды көлемі жөніндегі мәліметтерді толтыру түсініктеме. 1. Нысанды өндіруші толтырады және жыл сайын, жоспарланған кезең басталғанға дейін үш айдан кешіктірмей уәкілетті органға ұсынады. 2. Нысан төменде көрсетілгендей толтырылады: «Сұйытылған мұнай газы» деген 1.1-бағанда маркасын көрсете отырып, сұйытылған мұнай газын өндірудің болжамды көлемдері көрсетіледі; «Сұйытылған табиғи газы» деген 1.2-бағанда маркасын көрсете отырып, сұйытылған табиғи газын өндірудің болжамды көлемдері көрсетіледі; «Тауарлық газ» деген 1.3-бағанда тауарлық газды өндірудің болжамды көлемдері көрсетіледі; «Өлшем бірлігі» деген 2-бағанда сұйытылған мұнай және (немесе) сұйытылған табиғи және тауарлық газ көлемдерінің өлшем бірліктері көрсетіледі; «қаңтар» деген 3-бағанда, «ақпан» деген 4-бағанда, «наурыз» деген 5-бағанда, «сәуір» деген 6-бағанда, «мамыр» деген 7-бағанда, «маусым» деген 8-бағанда, «шілде» деген 9-бағанда, «тамыз» деген 10-бағанда, «қыркүйек» деген 11-бағанда, «қазан» деген 12-бағанда, «қараша» деген 13-бағанда, «желтоқсан» деген 14-бағанда 1.1, 1.2, 1.3-бағандардың атауларына сәйкес айлар бойынша көрсеткіштердің мәндері көрсетіледі; «жыл басынан бері» деген 15-бағанда 1.1, 1.2, 1.3-бағандар бойынша қаңтардан бастап есепті айға дейінгі кезеңдегі мәндердің жиынтығы көрсетіледі. Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларына 7-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Сұйытылған газды өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтер Р/с № Газ қызметінің атауы Кәсіпорын- ның мекенжайы, телефоны Айы 20__ жылдың басынан бері жоспар факт жоспар факт өткізу тұтыну өткізу тұтыну өткізу тұтыну өткізу тұтыну 1 2 3 4 5 1 1-газ желісі ұйымы 2 2-газ желісі ұйымы 3 3-газ желісі ұйымы … Жиыны: тонна Р/с № Газ қызметінің атауы Ай соңында қалғаны Өндіруші зауыттар Газ қызмет-теріне жеткізуші компаниялар Өткізу көлемдері халыққа кәсіпорындарға айы жыл бас. бері айы жыл бас. бері 1 2 6 7 8 9 1-газ желісі ұйымы 2-газ желісі ұйымы 3-газ желісі ұйымы … Жиыны: Атауы: Мекенжайы: Тел.: Электрондық мекенжайы: Орындаушының тегі және телефоны: Тел.: Басшы: Т.А.Ә. қолы Бас бухгалтер: Т.А.Ә қолы М.О. Ескертпе: Сұйытылған газды өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді толтыру түсініктеме. 1. Нысанды облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары толтырады және ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың онынан кешіктірмей уәкілетті органға ұсынады. 2. Нысан былайша толтырылады: «Р/с №» деген 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реттік нөмірлеуді үзбеуі қажет; «Газ қызметінің атауы» деген 2-бағанда тиісті облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға сұйытылған газды жеткізетін газ желісі ұйымының атауы көрсетіледі; «Кәсіпорынның мекенжайы, телефоны» деген 3-бағанда газ желісі ұйымдарының байланыс ақпараттары көрсетіледі; «Айы» деген 4-бағанда (облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға сұйытылған газды жеткізетін газ желісі ұйымдарына жеткізілген сұйытылған газ көлемі) есепті айдағы сұйытылған газды өткізу және тұтыну бойынша жоспарлы және нақты көрсеткіштер көрсетіледі (тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тұтынушылары үшін көрсетілген газ желісі ұйымдар бөлген сұйытылған газдың көлемі); «20__ жылдың басынан бері» деген 5-бағанда ағымдағы жылғы қаңтардан бастап есепті ай кезеңіндегі сұйытылған газды өткізу және тұтыну бойынша жоспарлы және нақты көрсеткіштер көрсетіледі; «Ай соңында қалғаны» деген 6-бағанда есепті ай соңында газ желісі ұйымдарында қалған сұйытылған газдың көлемі көрсетіледі; «Өндіруші зауыттар» деген 7-бағанда жеткізілетін сұйытылған газ өндірілген өндірушінің атауы көрсетіледі (егер импорт болса, онда атаудың орнына «импорт» көрсетілсін); «Газ қызметтеріне жеткізуші компаниялар» деген 8-бағанда сұйытылған газды өндірушілерден газ желісі ұйымдарына дейін жеткізетін компаниялардың атауы (егер ондайлар болса) көрсетіледі; «Өткізу көлемдері» деген 9-бағанда тиісті ай және жыл басынан бері сұйытылған газды өткізу көлемдері екі бөлікке: халыққа және кәсіпорындарға бөлу арқылы көрсетіледі. Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларына 8-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан (облыстың атауы) бойынша сұйытылған мұнай газын тұтынудың 20__ жылға арналған болжамы жөніндегі мәліметтер Айы Қаңтар Ақпан Наурыз Сәуір Мамыр Маусым Шілде Тамыз Қыркүйек Қазан Қараша Желтоқсан 20__ жылғы жиыны 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 көлемі Атауы: Мекенжайы: Тел.: Электрондық мекенжайы: Орындаушының тегі және телефоны: Тел.: Басшы: Т.А.Ә. қолы Бас бухгалтер: Т.А.Ә. қолы М.О. Ескертпе: (облыстың атауы) бойынша сұйытылған мұнай газын тұтынудың 20__ жылға арналған болжамы жөніндегі мәліметтерді толтыру түсініктеме. 1. Нысанды облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары толтырады және жыл сайын, жоспарланған кезең басталғанға дейін үш айдан кешіктірмей уәкілетті органға ұсынады. 2. Нысан былайша толтырылады: «Қаңтар» деген 2-бағанда, «ақпан» деген 3-бағанда, «наурыз» деген 4-бағанда, «сәуір» деген 5-бағанда, «мамыр» деген 6-бағанда, «маусым» деген 7-бағанда, «шілде» деген 8-бағанда, «тамыз» деген 9-бағанда, «қыркүйек» деген 10-бағанда, «қазан» деген 11-бағанда, «қараша» деген 12-бағанда, «желтоқсан» деген 13-бағанда тиісті ай үшін сұйытылған мұнай газын тұтынудың болжамдық көлемі көрсетіледі; «20__ жылғы жиыны» деген 14-бағанда сұйытылған мұнай газын қаңтардан бастап есепті айға дейінгі кезеңде тұтынудың жалпы болжамдық көлемі көрсетіледі. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 12 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 9957 болып енгізілді.